Ауыл тарихы

Автор: admin от 15-02-2017, 03:16, посмотрело: 1730

0 Мақтарал аймақ туралы жалпы мәлімет
Құрылған уақыты: 1928 жыл
Көлемі: 1,8 мың шаршы км.
Облыс орталығына дейінгі қашықтық: 232 км.
Аудан орталығы: Жетісай қаласы
Ауыл округтерінің саны: 23
Елді-мекендерінің саны: 182
Халқының саны: 294,208 мың адам
Ұлттық құрамы: қазақтар-82,7%, тәжіктер-7,2, өзбектер-3,9%, орыстар-1,9%, басқа ұлттар-4,3%
Ш.Ділдәбеков ауылдық округі туралы қысқаша мәлімет.
Еңбекшілер депутатының Жамбыл ауылдық кеңесінің атқару комитеті болып 1941 жылы құрылған. Мырзашөл өңірін игеруге келген Түркістан, Шәуілдір, Арыс, Түлкібас ауданынан көшіп осында қоныстанған. Олар: «Болшевик», «Сталинабад
«Кагоношич», «Жданов», «Қызылтаң», «Бірлік», «Чкалов», «Ленинабад», «Жаңа дала», «Октябрь», колхоздарынан құрылып, осы колхоздар ауылдық кеңесінің құрамында болған.
Ауылдық округымен шекаралас әкімшілік-аумақтық құрылымдар:
-Шығысындағы-Мақтарал ауылдық округы
-Батысында-Ж.Ералиев ауылдық округы
-Оңтүстікте-Ынтымақ ауылдық округы
-Солтүстігінде-Шардара су қоймасы
Біздің мекен – жайымыз: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Ділдәбеков а/о, «Алпамыс» ауылы.
Іңгәлап дүние есігін ашқан сәттен бастап нәрестенің кіндік қаны тамған жері, ауылы, өзен – көлі, тау- тасына дейін ыстық көрінеді, жанға қуат береді.


Бұл менің туған жерім, туып өскен
Атамекен ошағың кіндік кескен
Жап – жасыл шалғыны мен жусан иісі
Шалғайға кетсең – дағы шықпас естен
Даланың дархан көңілін,
Бойымызға жиямыз
Туған жерді қорғайтын,
Азамат боп шығамыз
Ақшаңқаң үйлер тізіліп,
Тал – теректер сызылып.
Қорасы малдан босамай
Ауылым- арым бесігім.
Адамдары ақ жарқын,
Ардақтадым бар салтын.
Тұрып жатыр ауылда,
Пейілі жомарт әз халқым.

Кешегі асыр салған дала мекен,
Есеңде ескірмей, бір қалады екен.
Бір жұтсаң туған жердің самал желін,
Сусының шөлдегенде қанады екен.
Туған жерім – алтын бесігім,
Айқара ашқан есігін.
«Достық» менің ауылым
Қандай ыстық есімің
Туған жер алтын бесігім
Іңгәлап ашқан есігім.
Тербетіп мені әлдилеп,
Қатеме еткен кешірім.
Ауылым алтын бесігім
Ыстық сенің есімің.
Алыстан аңсап келгенде,
Қашанда ашық есігің


Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған,ана тілімен дарыған, ақ нанымен бекіген.
Адам түгілі төрт түлік мал, бағусыз-қағусыз аң, құс та, жердегі, судағы неше түрлі жәндіктер де туып-өскен, ұя салып, мекен еткен жеріне өмір бойы бауыр басып өтпей ме?
Адал перзенттері үшін туған жерден ыстық, сүйікті, қасиетті киелі ештеңе жоқ. Бұл-халқымыздың қанына біткен имандай сенімі. Ақ жаулықты аналар алыс жолға, ұзақ сапарға аттанған балаларының мойнына туған жердің топырағынан бойтұмар тігіп, тағып береді. Ондағысы-туған топырағы жат жерде бәле жаладан сақтайды, ел-жұртын сағынғанда мауқын басады,қиындыққа душар болып, тарыққанда, әл-қуат береді деп біледі. Шынында да туған жердің топырағынан бойтұмар таққан адам жат елде де өзін жалғыз сезінбейді.
«Ш.Ділдәбеков - туған мекенім, мәңгілік мақтан етемін» ауылымыздың елді мекендеріне тоқталып өтейік.
Туған жер – тұғыр, сенен өскен ботаңмын,
Ер жеткенде үлесті саған қосармын.
Толғанып тұрып қамыңды ойлар ұланмын,
Үнімді қосам көркеюіне ауылымның.
Ділдәбеков ғажап ертеңі
Сүйеміз туған өлкені
Тағдырлар толы тарихтың
Сан жылдар сырын шертеді
Ш. Ділдәбеков а/о– бұл қазіргі, Мақтарал ауданы, Асық ата өңіріне қарасты, үлкен 13 елді мекені бар ауылдық округ. 1941 жылы Еңбекшілер депутатының Жамбыл ауылдық кеңесінің атқару комитеті болып құрылды. 1994 жылдан Жамбыл ауыл әкімшілігі деп өзгертілді. 1999 жылдан бастап Ділдабеков селолық округі болып құрылды. 2005 жылдан бастап «Ш.Ділдабеков ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. 2012 жылы 22 желтоқсанда «Ш.Ділдабеков ауылдық окурігі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Ш.Ділдабеков а/о қарасты «Достық» ауылы (бұрынғы «Сталинабад» ауылы) – бұл ертеден келе жатқан елді мекен. Бұл ауылда, 2013 жыл санақ бойынша- 154 отбасы, 1063 халық саны бар. Ерлер саны – 542, әйелдер – 521. Ұлт өкілдеріне келсек: қазақ – 1060, орыс – 3, ірі қара -137, үй құстары-133.
«Алпамыс» ауылы (бұрынғы «Большевик №1» ауылы) – атамыз -Алпамыс батырдың есімі берілген. 2013 жыл санақ бойынша: 91-отбасы, халық саны- 605, ерлер – 298, әйелдер – 307. ұлт өкілдерінен – 462 қазақ, 143- тәжік тұрады. Ірі қара – 260, үй құстары – 143.
Байдала ауылы (бұрынғы «Жданов» ауылы) – 124 отбасы, халық саны – 830, ерлер – 417, әйелдер – 413. Ұлты қазақтар – 830, ірі қара – 240, үй құстары – 105.
Қызылтаң ауылы – 117 отбасы, 709 халық тұрады. Ерлер – 351, әйелдер – 358. ұлт өкілдерінен – 703 қазақ, 1-орыс, 5 поляк тұрады. 248 ірі қара, 84 үй құстары.
Сайлау ауылы (бұрынғы «Каганович» ауылы) – «Сайлау» амбулаторлық емханасы орналасқан. 155 отбасы, 1057- халық, соның ішінде ерлер – 531, әйелдер – 526. 259 ірі қара, 106 үй құстары бар.
Бірлік ауылы – Ділдәбеков ауылдық әкімшілік орналасқан ауыл. Бірлік және Сайлау ауылының шекарасында «Қожанов атындағы ЖОМ» орналасқан. 143 отбасы, 916 халық, ерлер – 468, әйелдер – 448. 264 ірі қара, 124 үй құстары.
Сұлубұлақ ауылы (бұрынғы «Чкалов» ауылы) – «Қызылтаң» жалпы орта мектебі орналасқан. 152 отбасы, халық саны - 995, ерлер – 514, әйелдер – 481. ұлт өкілдірінен – 994 қазақ, 1 орыс. 422 ірі қара, 132 үй құстары бар.
Сырабат ауылы (бұрынғы «Ленинабад» ауылы)– 196 отбасы, 1290 халық саны, ерлер – 664, әйелдер – 626. ірі қара саны- 275, үй құстары – 231.
Күрішті ауылы (бұрынғы «Кәрісауыл») - 23 отбасы, 193 халық тұрады, ерлер - 104, әйелдер – 89. 152 ірі қара, 118 үй құстары бар.

«Ауыл айшықтары»
Ділдабеков– туған аулым аялаған,
Төсіңде төрт түлігің саялаған
Тасытқан байлығыңды бір кездері,
Бүгінде ұрпақтары мақтана алған
Жаныма жерің, ауаң ем,
Атыңа сенің бас ием! – дей келе, келесі кезекте туған жерге көрік беріп тұрған, әрқайсысының өз тарихы бар «Ауыл айшықтарына» тоқталайық.
Мешіт туралы


Мешіттің бас имамы - Әділханов Ерлан, Намаз оқу залы Әліқұл ата мешітінің дәрісханасы
азаншысы – Халықов Мұзапбар.

«Достық» және «Алпамыс» ауылдарына ортақ «Әлімқұл ата» мешіті-2009 жылы 3 наурыз күні ашылды. Мешіттің бас имамы - Әділханов Ерлан, азаншысы – Халықов Мұзапбар. Бұл мешіт, діни басқарманың басшылығымен 2009 жылы 17-маусым күні ресми құжатталып, қолданыла бастады. Мешіт - Әліқұл атамыздың қара шаңырағында ашылған. Заманауи жабдықтармен жабдықтауға демеушілік жасаған, осы ауылдың кәсіпкер ағамыз - Мамытов Нұржан. Бүгінгі таңда мешітте 70-100 шәкірттер тәлім алып шықты. Келешекте «Әліқұл ата» мешітінің жаңа жобасы жоспарланып, 2013 жылдың қараша айында діни басқарманың рұқсатымен жаңа жоба қолға алына бастады. Ауыл әкімшілігінен жер телімін бөліп берсе жаңа мешіт салынады.

«Жантұмар» Балабақша туралы

Балабақшаның ішкі көрінісі Балабақша асханасы










Оқу бөлмесі Ойын бөлмесі
Кітапхана














Медпункт жайлы.























.




Категория: Мектеп тарихы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
youtube video download instagram story download download video ig