Үздік сабақтар

Автор: admin от 14-02-2017, 22:10, посмотрело: 813

0 Асубаева Айгүл Абдумутанқызы

ОҚО Мақтарал ауданы Ш.Ділдәбеков а/о «Алпамыс» ауылы
«Қ.Дәрімбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі.
ІІ санатты ұстаз

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелерді
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құраудағы негізгі рөлін байқатып, тұрлаулы мүшелер деп аталатынын іс жүзілік тұрғыдан меңгерту. Жаттығулар орындау арқылы тұрлаулы мүшелер туралы алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтауын, ой - өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын кеңейту, сауатты көркем жазу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұйымшыл болуға, туған жерін, елін, Отанын сүюге құрметтеуге, таза жазуға, сауаттылыққа, сыйластыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, слайдтар, ребус, бағалау парақшалары.
Түрі: Саяхат сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, топтау, іздену, талдау, баяндау, практикалық, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақ барысы:
І. Қызығушылықты ояту:
Психологиялық дайындық
Қатар - қатар тізіліп,
Оқушыға лайық
Қолымызды жіберіп
Түп - түзу боп тұрайық.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Отыруға нақпа - нақ
Дайындалдық бәріміз
1 – қатар жай отыр,
2 – қатар тез отыр,
3 – 4 – қатар сен де отыр.
Сабақ бастар кез боп тұр.
ІІ. Ребус шешу. (шешуі: Астана)
Бүгінгі сабағымызда Астана қаласының саяхат жасаймыз.
• Астанаға тез бару үшін немен барғыларың келеді? - Ұшақпен
• Ұшаққа отырмас бұрын билет алып алайық.
Билет үш түсті болады. Оқушы қалаған түсін таңдайды, қызыл билет «Қыркүйек» тобына, жасыл билет «Қазан» тобына, сары билет «Қараша» тобына бөлінеді

Астана қаласы дегенде ең бірінші сөз алдымызға «Бәйтерек» келеді, оның ішінде ел басы Н.Назарбаевтің қолы бейнеленген мүсін бар. Сол мүсінге қолымызды қойып, арман –тілектеріңді айтамыз.
ІІІ. Көркем жазу минуты.
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық.
Дәптерімізді ашайық.
Көркем етіп жазайық.

ІV. Өткенді еске түсіру.
Миға шабуыл:
Әр оқушы билеттің артындағы сұраққа жауап береді.
Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұратын толық мағыналы сөздерді... дейміз. (сөйлем мүшелері)
Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін... дейміз. (бастауыш)
Баяндауышқа... деген сұрақтар қойылады? (не істеді? не қылды? қайтті?)
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, онда бастауыштан кейін... қойылады. (сызықша)
Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің... мүшелері дейді. (тұрлаулы)
Тірек сызбамен жұмыс.

Жаңа сабақты тірек сызбамен түсіндіру:
V. Бәйтерекке саяхат. Оқулықпен жұмыс.
1 – жаттығу. Барлық топ бірге орындайды

VІ. Сергіту сәті: би билеу «Көңілді күн»
Ақордаға саяхат: «Қыркүйек» тобына тапсырма 2 – жаттығу.
Хан шатырға саяхат: «Қазан» тобына тапсырма 3 – жаттығу.
Тәуелсіздік монументіне саяхат: «Қараша» тобына тапсырма 4 – жаттығу.
VІ. Астананың көрікті жерлеріне саяхат.
Ойын: “Пирамида”
Үш топқа түйе, қасқыр, қой суреттері беріледі
VІІ. Темір жол вокзалына саяхат.
Сабақты қорытындылау: Үй тапсырма: 5 – жаттығу
Үйге қайту үшін пойызға билет аламыз. Әр билеттік артындағы сөйлемді толықтырамыз.
Пойзбен ауылымызға қайтамыз.
Бағалау:
Билет Балл Бағасы
7-10 билет 7-10 балл «5»
4-6 билет 4-6 балл «4»
2-3 билет 2-3 балл «3»





















Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
youtube video download instagram story download download video ig